Алматыда құрылыс краны құлады (ФОТО, ВИДЕО)
Алматыда құрылыс краны құлады (ФОТО, ВИДЕО)
Алматыдағы Жас Қанат шағынауданында салынып жатқан тұрғын үй кешені аумағында кран құлады деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желіде кранның 9 қабатты үйдің шатырына құлаған сәтінен фото, видео жарияланды. ТЖМ Алматы қаласы өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Алматыда кран құлады. Бұған кімдер жауапты?», - дейді видео авторы.
ТЖМ-ның жергілікті өкілдері кранның құлағанын растады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ», - делінген ведомствоның хабарламасында.