Алматыда құрылыс краны құлады (ФОТО, ВИДЕО)

Алматыда құрылыс краны құлады (ФОТО, ВИДЕО)

Алматыда құрылыс краны құлады (ФОТО, ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыдағы Жас Қанат шағынауданында салынып жатқан тұрғын үй кешені аумағында кран құлады деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде кранның 9 қабатты үйдің шатырына құлаған сәтінен фото, видео жарияланды. ТЖМ Алматы қаласы өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Алматыда кран құлады. Бұған кімдер жауапты?», - дейді видео авторы.
ТЖМ-ның жергілікті өкілдері кранның құлағанын растады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ», - делінген ведомствоның хабарламасында.
кран