БАҚ: Әкімдер әкелерінің атына көше мен ауылдың атын беріп келген

БАҚ: Әкімдер әкелерінің атына көше мен ауылдың атын беріп келген

БАҚ: Әкімдер әкелерінің атына көше мен ауылдың атын беріп келген
ашық дереккөзі
Қазақстанда облыс пен аудан әкімдері болған немесе қазір де сол қызметте жүрген азаматтардың әкелерінің аты берілген көше мен ауылдар көбейіп кетті деп хабарлады turkystan.kz exk.kz-ке сілтеме жасап. Мысалы, бір Қызылорда облысының өзінде өңір басшылары болған азаматтардың әкелерінің «құрметіне» бірнеше көше, тіпті, бір ауылдың аты берілген. Облысқа қарасты Жаңақорған ауданында Мәшбек Нәлібаевтың атымен аталатын ауылдық округ бар. Жамбыл облысының қазіргі әкімі бұл туралы түсініктеме берді.
«Ол ауылдың аты басқа болған. Сол ауылда осы мәселе көтерілген. Мен болмайды, ауылдың атын ауыстырмаңдар деп айтқанмын. Ертең бәлеге мен қаламын дедім. Бірақ халық пен облыс басшылары қолдап, ауылға әкемнің аты берілді», - деді Бердібек Сапарбаев.