Жаңалықтар

Абай университетіндегі наурыз

ашық дереккөзі

Абай университетіндегі наурыз

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қалыптасқан игі дәстүр бойынша  «Әз-наурыз Абай ауылында» атты Наурыз мейрамы аталып өтті. Іс-шараға ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Гүлмира Исимбаева, Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, De Montfort университетінің ректоры Джеймс Паундер, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров, біздің жоғары оқу орнымыздың белгілі түлектері: М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матжанов, белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділова, қазақ эстрадасының жұлдызы Гүлмира Ақүрпекова және басқа да құрметті қонақтар, сондай-ақ университеттің қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.