Олланд 2017 жылғы президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді
Олланд 2017 жылғы президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді
Франция президенті Франсуа Олланд 2017 жылы көктемде өтетін президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайды. Бұл туралы ол ұлттық телеарнаның эфирінде мәлімдеді.
Осылайша, Олланд Бесінші француз республикасы тарихында екінші мерзімге сайланудан бас тартқан алғашқы президент атанды. Журналистермен кездескен президент халықты Ұлттық майдан ультра-оңшыл партиясының үміткері Марин Ле Пенге дауыс бермеуге шақырды.
Социалистердің алдын ала сайлауы 2017 жылы қаңтарда өтеді. Ал консерваторлардың праймеризінде бұрынғы премьер-министр Франсуа Фийон жеңіске жетті. Оны Ресеймен тығыз қарым-қатынасты жақтаушы саясаткер деп есептейді. Бұған дейін ол Мәскеуден санкцияларды алып тастап, Сирияда онымен одақтас болуға дайын екенін мәлімдеген еді.
Олланд президент сайлауына қатысуға бас тартуының себебін Социалистік партиядағы әріптесі Мануэль Вальстің президенттікке үміткер болу ниетімен түсіндірді. Қазан айындағы қоғамдық пікір бойынша, президентті француздардың 4 пайызы ғана қолдайды.