Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары қамауға алынды

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары қамауға алынды

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары қамауға алынды
ашық дереккөзі
Антикор Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да азаматтарға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялар – кірме темір жол желілері (соңғы шақырым) иелері ұрлығының қосымша фактілері анықталды.
«Бұл азаматтар мемлекеттік қызметкерлердің көмегімен еліміздің қала құраушы кәсіпорындарына кіреберіс жолдар қызметтерінің тарифін негізсіз жоғарылату арқылы миллиардтаған доллар пайда тапқан. Ол азаматтардың өмірін қамтамасыз ететін қызметтердің бағасының өсуіне әкелген», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі серіктестіктің басшылары сот санкциясымен ұсталып, қамауға алынды. Айыптаулар бойынша соңғы шешімді сот анықтайды. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.