«5 сағаттық тойға 5 жыл төлейтін кредит алады»: блогер баспанасыздарды сынады

«5 сағаттық тойға 5 жыл төлейтін кредит алады»: блогер баспанасыздарды сынады

«5 сағаттық тойға 5 жыл төлейтін кредит алады»: блогер баспанасыздарды сынады
ашық дереккөзі
Блогер, экономист, журналист Дәулет Мұқаев қазақтардың той жасау үшін шашылатын әдетіне қатысты пікір білдірді деп жазды turkystan.kz. Бұл жайында ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтқан.
«5 сағаттық тойға 5 жыл төлейтін кредит алады. Одан кейін екі жас ажырасты дейді. Жағдайың бар ма, Нұр-Сұлтанда 30 мың адамдық стадион бос тұр, сонда той жаса! Жағдайың жоқ па, көрпеңе қарай көсіл! Ұят болады дегеннің бәрі – бос сөз. Ертеңгі күні несие төлей алмай отырсаң, ұяттың көкесі сонда болады. Той өтті, елдің бәрі жеді, пакетке салды, ысырап жасады да кетті. Ал ертеңгі күні екі жас қиналған кезде сол тойға келген адамның біреуі «қиналып қалыпсыңдар, кредиттеріңді төлеп берейін» деп келе ме? Той болу керек, бірақ әркімнің шамасына қарай. Той – тәңірдің қазынасы. Тойдың арқасында біз қазақтығымызды жоғалтпай отырмыз. Бірақ микрокредиттік ұйымдардан 2 млн кредит алып, соны 5 млн етіп қайтарып отырған адамдар бар. Одан да екі жақтан кеткен ақшаны қосып, бастапқы жарна ретінде жастарға беріп, үй алуға болады», - деді Дәулет Төлеутайұлы.
Тағы оқи отырыңыз: «Кешіресіз, мен ата алмай жүрмін» – мемлекеттік тілді менсінбеген шенеунік ұятқа қалды (ВИДЕО)