Ресей Қырғызстан мен Қазақстанның өніміне шектеу қойды
Ресей Қырғызстан мен Қазақстанның өніміне шектеу қойды
Ресейге Қырғызстан мен Қазақстанның 31,3 тонна өнімі өткізілмеді деп хабарлайды Новосибирск облысы бойынша Ресейдің ауыл шаруашылығы басқармасы. Жүкті «Карасук» фитосанитар бақылау бекетінде ұстап қалған.
Қырғызстан мен Қазақстаннан көкөніс тиелген жүк Новосибирскі нарығына жеткізілмек болған. 9,842 тоннасы алма, лимон, қияр, күріш, өрік, жаңғақ секілді өнімдер құжатсыз келген делінеді.
Ал Қырғызстаннан келген 21,5 тонна кептілірген жемістер арнайы сертификатқа сәйкес келмейді делінген.
Аталған азық-түлік өнімдері Ресейге кіргізілуге тыйым салынып, Қырғызстан мен Қазақстанға кері қайтарылған.
Бұл Ресей ауыл шаруашылығы бақылау қызметінің қырғыз ауыл шаруашылық өнімдерін еліне кіргізбеуі бірінші оқиға емес.