AMANAT партиясы Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы тағайындалды

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі Сергей Компаниец AMANAT партиясы Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

Сергей Компаниец 1986 жылы қыркүйекте дүниеге келген. Басқару институты мен Академиялық инновациялық университетінің түлегі. 2016 жылы АҚШ-тың Д.Вашингтон университетінің бизнес мектебін бітіріп, үздік 5 түлектің бірі болды.

Еңбек жолын Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпараттық-тестілеу орталығында бастаған. Әр жылдары «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның Ақпараттық қамтамасыз ету, мониторинг және бағалау департаментінің директоры, «Учет Онлайн» ЖШС жобалар мен инновацияларды басқару жөніндегі директоры, «Проект Талдау Орталығы» ЖШС-нің жобалар мен ИТ-ресурстарды басқару жөніндегі директоры және т.б. қызметтерді атқарды.

2020-2021 жылдары Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы, Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. Өткен жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «TURKISTAN» АЭА БК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында істеді.

Тағы оқи отырыңыз: AMANAT партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button