AMANAT партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры тағайындалды

AMANAT партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры тағайындалды

AMANAT партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры тағайындалды
ашық дереккөзі
Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі Данияр Мұқитанов AMANAT партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Данияр Мұқитанов 1989 жылдың мамыр айында дүниеге келген. КИМЭП университетінің түлегі. Хангук Шет тілдер (Корея) және Шеффилд (Ұлыбритания) университеттерінде магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын Экология министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК маманы болып бастаған. Әр жылдары «Жасыл даму» АҚ, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ, «Кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңіраралық орталығы» ЖШС және Британдық Кеңесте (British Council) жұмыс істеді. 2016-2020 жылдары Британ Кеңесінде (British Council) білім беру және әлеуметтік бағдарламаларды басқарды. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті қызметін атқарды. Тағы оқи отырыңыз: AMANAT партиясы Энергетика министрлігіне газдандыру бағдарламасын пысықтауды ұсынды