Шымкенттік Сағын Өмірбайұлы «Голос. Дети» шоуының финалына өтті (ВИДЕО)

Шымкенттік Сағын Өмірбайұлы «Голос. Дети» шоуының финалына өтті (ВИДЕО)

Шымкенттік Сағын Өмірбайұлы «Голос. Дети» шоуының финалына өтті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
11 жастағы қазақстандық Сағын Өмірбайұлы «Голос. Дети» шоуының финалына өтті деп жазды turkystan.kz. 1 сәуірде Ресейдің «Первый канал» арнасында шоудың жаңа бөлімі көрсетілген болатын. Осы күні Полина Гагаринаның тобындағы өнерпаздар үш-үштен бірігіп өнер көрсетті. 15 қатысушының бесеуі келесі кезеңге өтті, оның ішінде Сағын Өмірбайұлы да бар. Талантты отандасымыз «Скажите, девушки, подружке вашей» әнін орындады. Бұл әнді кезінде Муслим Магомаев, Дмитрий Хворостовский сияқты әлемге аты әйгілі әншілер орындаған еді.
«Дауыс шоуының тоғызыншы маусымының финалистері - Малика Таипова мен Сағын Өмірбайұлы. Құттықтаймыз, балалар! Тікелей эфирлерде сәттілік тілейміз» деп жазылған жобаның Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от #Голос (@voice1tv)