«Ағамның қазасына екі адамның қатысы бар» - кәсіпкер Ержан Тәтішевтің інісі

«Ағамның қазасына екі адамның қатысы бар» - кәсіпкер Ержан Тәтішевтің інісі

«Ағамның қазасына екі адамның қатысы бар» - кәсіпкер Ержан Тәтішевтің інісі
ашық дереккөзі
Белгілі кәсіпкер Еркін Тәтішев ағасының қазасына кінәлі адамдардың аттарын атады деп хабарлады turkystan.kz «Esquire» журналына сілтеме жасап. Оның айтуынша, бұл іске Мұхтар Әбілязов пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың да қатысы бар.
«2004 жылғы желтоқсанда болған қазадан кейін 18 жылдай өтті. 2016-2017 жылдардағы тергеу Әбілязовтың, Дүтбаевтың және Тоқмәдидің кінәсін нақты дерек пен айғақтарға сүйеніп, толық дәлелдеді. Олар бір банда, бір-бірімен байланысты. Менің ағамды Тоқмәди өлтіргеніне сенімдімін», - деді ол.
Сонымен бірге ол АҚШ-тың сот-медициналық сарапшылардың қорытындысы Ержан Тәтішевті Тоқмәдидің өзі әдейі атқанын дәлелдегенін айтты.
«Дүтбаев 10 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырылған еді. Оның мерзімінен бұрын бостандыққа шығып кеткеніне таңқалып отырмын. Ағамның өлімін ұйымдастырушы сол кісі. Ол бақылау жүргізу, телефон тыңдау және әкімшілік қысым ұйымдастырумен айналысқан», - деп күйінеді кәсіпкер.