Украинаның Буча қаласы «Бауырластар бейітіне» айналды (ФОТО, ВИДЕО)

Украинаның Буча қаласы «Бауырластар бейітіне» айналды (ФОТО, ВИДЕО)

Украинаның Буча қаласы «Бауырластар бейітіне» айналды (ФОТО, ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Украин Қарулы күштері Киев облысындағы Буча қаласын Ресей әскерлерінен азат еткеннен кейін олардың жергілікті тұрғындарды қалай қырып-жойғанын көрді деп хабарлады turkystan.kz «Украинская правда» порталына сілтеме жасап. Қазір шағын қаладағы қырғын жер жүзінің түкпір-түкпіріне тарап кетті. Қалада 300-ге жуық адам өлтіріліп, «Бауырластар бейітіне» айналып кеткен. Осында бейбіт халықты қырып-жойған әскерлер оларды көше бойларында, үйлердің ауласында, шаңырақтарында, балалар бақшасы мен мектептерде атып тастап кете берген. Көпшілігін арқалары мен желкелерінен атқан. Буча қаласының мэрі Анатолий Федоруктың айтуынша, өлтірілгендердің біразының қол-аяқтары байланған, шұңқырларға тасталған. Осының бәрі халықтың жан тапсырар алдында әбден азапталғанын көрсетеді. Көшеде атылғандар арасында 14 жастағы балалар да бар. Олар 14 пен 60 жас аралығындағы ер азаматтарды атып отырған. Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк та осының бәрін Ресей әскерлерінің істеп кеткенін айтып, Еуропа елдеріне үндеу жолдады. Ол Бучадағы қырғын Ирпень мен Гостомел қалаларында да болғанын, қазір дүние жүзі Украина жерінде Ресей әскерлерін тоқтата алмай, адам айтқысыз сұмдықтарды үн-түнсіз көріп жатқанын атап өтті.  width=  width=  width=