«Қазақстан - сенімсіз одақтас, басшылығы екіжүзді» - ресейлік сарапшы

«Қазақстан - сенімсіз одақтас, басшылығы екіжүзді» - ресейлік сарапшы

«Қазақстан - сенімсіз одақтас, басшылығы екіжүзді» - ресейлік сарапшы
ашық дереккөзі
«Қазақстан - сенімсіз одақтас, оның басшылығы екіжүзді. Ресей бұл мемлекетпен қарым-қатынасын қайта қарауы керек». Бұл туралы 31 наурызда МГИМО әскери-саяси зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы Михаил Александров айтты деп хабарлады turkystan.kz oinet.kz-ке сілтеме жасап. Еске сала кетсек, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов EURACTIV-ке берген сұхбатында Қазақстан Ресей Федерациясын қолдамайтынын және Ресейге қарсы санкциялар режимін сақтауға ниетті екенін мәлімдеген.
«Сүлейменовтің Қазақстан Ресейдің «ЕО мен АҚШ-тың салған санкцияларын айналып өту құралы болмайды» деген мәлімдемесі Қазақстан басшылығының бұрыннан келе жатқан екіұштылығын көрсетеді», - деді сарапшы.
Қазақстан қиын жағдайда сенуге болмайтын сенімсіз одақтас деп атап өтті ол.
«Бұл жағдайда да Қазақстан Батыспен байланысын сақтап қалуға тырысады. Дегенмен ЕАЭО-ның Батыспен енді бір режимде жұмыс істей алмайтыны анық. Демек, Қазақстан кіммен – Ресеймен бе, Батыспен бе, соны таңдауы керек. Егер бұл елдің Ресейге қарсы Батыс санкцияларынан кейін осы елге ілесуге ниетті екені белгілі болса, Мәскеу Қазақстанға экономикалық жеңілдіктер беруді тоқтатуы керек», - деп түйіндеді ол сөзін.