«Қазақстан жарық пен жылусыз қалуы мүмкін» - сарапшылар

«Қазақстан жарық пен жылусыз қалуы мүмкін» - сарапшылар

«Қазақстан жарық пен жылусыз қалуы мүмкін» - сарапшылар
ашық дереккөзі
Алдағы 5-10 жылда Қазақстан жарықтан да, жылудан да қағылып қалуы әбден мүмкін деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Электроэнергетикалық қауымдастық төрағасы мұны жоққа шығармайды. Талғат Темірхановтың айтуынша, елде 62 жылу электр орталығы бар. Солардың 90 пайызы тозған. Бұл проблеманы сарапшылар бұрыннан қозғап келе жатқанын айтады. Бірақ ешбір құзырлы орган оларға құлақ аспапты. Салдарын көріп те үлгердік дейді. Петропавлдағы апатты мысал етті. Сосын Қазақстанда энергия тапшылығы қазірден сезіліп тұрғанын жеткізді. Егер жауаптылар осы мәселені дереу шешпесе, жағдайы жылдан-жылға қиындай бермек. Энергетиктер салада қордаланып қалған мәселелерді түгел тізіп, Президенттің атына хат жолдады.
«Біздегі жылу желілерінің 90 пайызы 60, 70-жылдары жүргізілген. Қазір солар шетінен шіріп, тозып жатыр. Жыл сайын осы желілердің істен шығып, апат болғанын естіп жатамыз. Бұған бей-жай қарайтын болсақ, алдағы 5-10 жылда Қазақстан жылудан да, жарықтан да қағылып қалады. Қайғылы оқиғалар да болуы мүмкін. Біз оны таяуда ғана Петропавлда болған оқиға кезінде көрдік», - дейді Қазақстан электроэнергетикалық қауымдастығының төрағасы Талғат Темірханов.