Жаңалықтар

Тоқаевты снайперлік винтовкамен өлтірмек болған шетел агенті ұсталды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Тоқаевты снайперлік винтовкамен өлтірмек болған шетел агенті ұсталды (ВИДЕО)

25 наурызда елордада ҚР Президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті, «А» деген ҚР азаматы ұсталды. Бұл туралы turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Бір мезгілде ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған. Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген.