Қарағандыда 3 жасар баланы ит талап өлтірді

Қарағандыда 3 жасар баланы ит талап өлтірді

Қарағандыда 3 жасар баланы ит талап өлтірді
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында екі баланы ит қауып, біреуі көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. 1 сәуір күні сағат 19.00 шамасында Қарағанды облысы, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне Ақтоғай ауылында екі баланы ит қапқаны туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері анықтағандай, 3 және 5 жастағы екі бала өздерінің үйінің ауласында ойнап жүргенде бос жүрген ит қауып алған.
«Балалар ауруханаға жеткізіліп, 3 жастағы бала алған дене жарақаты салдарынан көз жұмды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша Ақтоғай аудандық Полиция бөлімі тергеу жүргізуде», - деді ПД баспасөз қызметі.