Жаңалықтар

Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері

ашық дереккөзі

Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні «Болашақ» корпоративтік қоры «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері» атты ерекше балалы ата-аналардың мотивациялық кездесуін өткізді. Іс-шара «AMANAT» партиясының қолдауымен «Кедергісіз келешек – Будущее без барьеров» партиялық жобаның шегінде өтті. Кездесуде ата-аналар ерекше баланы тәрбиелеу тәжірибелері туралы әңгімелеп берді, аутизмі бар және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеу бойынша кеңестері мен ұсыныстарымен бөлісті, балалары оларға қандай табыстар мен жетістіктерге жетуге шабыт бергендерін айтып береді. Іс-шараға тәжірибелі ата-аналар да, жақында ғана диагнозға тап болған ата-аналар да қатысты.