Тоқаев Путинмен Украинадағы жағдайды талқылады

Тоқаев Путинмен Украинадағы жағдайды талқылады

Тоқаев Путинмен Украинадағы жағдайды талқылады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап. Президенттер екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Екіжақты сауда-саттықтың қарқынын сақтау үшін екі ел Үкіметтері арасында ең маңызды тауар түрлері бойынша ықпалдастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің барысы туралы мәлімет берді. Украинаның бейтараптық, блоктардан тыс, ядролық қарусыздық мәртебесіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізудің аса маңыздылығы жөніндегі ортақ түсіністік туралы айтылды.