Жаңалықтар

Қолма қол ақшасыз есеп айрысудың мүмкіндіктері талқыланды

ашық дереккөзі

Қолма қол ақшасыз есеп айрысудың мүмкіндіктері талқыланды

Елімізде қолма қол ақшасыз есеп айрысу қарқынды дамып келеді. Шетелдерде бұл жүйе баяғыда енгізіліп, жергілікті халықтың төлем картасына үйренгені соншалық, қолма қол ақша ұстаудың қауіпті екенін қолдап отыр. Таяуда Mastercard  компаниясының ұйымдастыруымен журналистерге төлем жүйесінің артықшылықтары мен жаңа мүмкіндіктері айтылды. Ал елімізде бұл жүйеге деген көзқарас қандай? Халық қолма қол ақшадан бас тартып, электронды төлем жүйесін, карталық төлем жүйесін пайдалануды біртіндеп жүзеге асырып келеді. ҚР Ұлттық банкі де төлемнің заманауи жүйелерін дамытуды қолға алған. Ал елімізде 90 жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан Mastercard төлем картасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, төлем жасаудың иннновациялық тәсілдерін екінші деңгейлі банктермен бірлесе атқарып келеді. Оған айқын мысал ретінде, Цеснабанкпен Platinum  Mastercard шығарыды, онда қазақстандық әйгілі кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бейнеленген. Ал Kaspi  банкімен  Gold картасын жасады. Ал жанармай стансаларында құйған жанармайға бонус жинап отыратын карталар да бірнеше банктің қолдауына ие болды. Сондай-ақ түрлі дүкендер желісінде төлем картасы арқылы жасалған есеп айрысу карта иелеріне бонус жинап, сыйлық тарту етеді. Сонымен қатар метрода жолаушылар жолақысын төлеу ыңғайлы ұйымдастырылған. Яғни, билет алу үшін банкомат іздеп, жетонға ұсақ тиын санаудың қажеті жоқ. Турникет карта арқылы төлем қабылдай береді.  Жолақысын төлеу үішн карта ұстау міндетті емес, алыстан сезетін төлем технологиясы орнатылған сағат, ұялы телефонды да қолдануға болады.