Павлодарда еріген қар суын толықтай сору жұмыстары аяқталды

Павлодарда еріген қар суын толықтай сору жұмыстары аяқталды

Павлодарда еріген қар суын толықтай сору жұмыстары аяқталды
ашық дереккөзі
Ауа райының күрт жылынуына байланысты еріген қардың суы ойпатты жерлерде орналасқан ауылдарда су басу қаупін арттырды. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарданов Павлодар ауданының Рождественка ауылындағы екі тұрғын үйді су басқаны туралы баяндады.
«Өткен тәулікте ТЖД пультіне су басу қаупі туралы 17 хабарлама келіп түсті. Павлодар ауданының Рождественка ауылында екі тұрғын үй су астында қалды», – деді Қайрат Шаймарданов.
Спикердің айтуынша, ауылдағы тағы жиырма сегіз тұрғын үйді су басу қаупі болған. Құтқарушылар қауіптің бетін қайтарып, ол үйлердің тұрғындарын эвакуациялаудан аман алып қалды. Қазіргі кезде жергілікті әкімдік пен Павлодар ауданының ТЖ бөлімінің күшімен су сору жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнында 12 сорғы станциясы, екі өрт сөндіру машинасы және облыстық ТЖД-нің жеке құрамының отыз жеті қызметкері жұмыс істеп жатыр. Қала басшысы Асаин Байхановтың айтуынша, облыс орталығындағы жағдай тұрақты.
«Павлодарда Сәтпаев, Гагарин, Камзин, ак. Шөкин, Крупская, Каз Правда және Ворушин көшелеріндегі жол учаскелері су астында қалды. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер еріген қар суын толықтай сору жұмыстарын аяқтады», – деді Асаин Байханов.
Ақсу ауылдық аймағында 15 үйді су басу қаупі болған. Оның ішінде Береке ауылындағы жеті ауланы су басу қаупі болды, қазіргі кезде құтқарушылар мен әкімдік қызметкерлері қауіпті жойды. Әбілқайыр Сқақов ТЖ қызметіне, қала және аудан әкімдеріне бір тәулік ішінде жағдайды бақылауға алуды тапсырды. Ол адамдар дүрбелеңге бойалдырмауы үшін ақпараттық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
«Адамдар нақты жағдайды білмейді, сондықтан мессенджерлердегі хабарламаларға сеніп қалуы мүмкін. Су тасқынының қаупі азайғанға дейін сағат сайын жедел ақпарат беріп тұру керек», – деді облыс әкімі.
Өңір басшысы су басу проблемаларын шешу бойынша қалалар мен аудандар әкімдеріне, арнайы қызметтердің басшыларына дербес жауапкершілік жүктеді. Сонымен бірге, Әбілқайыр Сқақов келтірілген шығынды анықтап, су басудан зардап шеккен аулаларды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.