Назарбаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Назарбаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Назарбаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
ашық дереккөзі
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз. Қасиетті Рамазан айында сіздерге зор денсаулық, рухани күш-қуат, бақ-береке тілеймін!» - делінген құттықтауда.