«Путин шабуылды тоқтататын уақыт келмегенін мәлімдеді» - Италия Премьер-министрі

«Путин шабуылды тоқтататын уақыт келмегенін мәлімдеді» - Италия Премьер-министрі

«Путин шабуылды тоқтататын уақыт келмегенін мәлімдеді» - Италия Премьер-министрі
ашық дереккөзі
«Ресей әскері артқа шегінген жоқ, қайта топтасуға тырысып жатыр» деп мәлімдеді НАТО басшысы Йенс Столтенберг Брюссельде журналистермен тілдескенде. Оның сөзінен немістің Spiegel журналы үзінді келтіреді деп хабарлады turkystan.kz Азаттыққа сілтеме жасап. НАТО-ның барлау деректеріне сүйенген Столтенберг Ресей әскері Украинадан шығып жатқан жоқ, орындарын ауыстырып жатыр деп мәлімдеді. Мәскеу оларды қайта топтастырып, Донбастағы шабуылға дейін қару-жарақтармен қамтамасыз етіп, нығайтпақшы. Сейсенбі күні Ресей Киев маңы мен Украина солтүстігіндегі Черниговта әскери қимылын бәсеңдететінін мәлімдеген. Алайда, бір мезетте әуе соққыларын күшейтіп, елдің оңтүстігіндегі Мариупольға қысымын үдетті. Украина қорғаныс министрлігі бейсенбі күнгі мәлімдемесінде қазір Ресей күштері Донецк пен Луганск облысына толық бақылау орнатуға күш салып жатыр деп мәлімдеді. La Repubblica газетінің хабарлауынша, бейсенбі күні Италия Премьер-министрі Марио Драги Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен, Ресей басшысы «соғысты тоқтататын уақыт келген жоқ» деп айтқан.