Наурыз мерекесі де ЮНЕСКО-ның тізіміне енді

Наурыз мерекесі де ЮНЕСКО-ның тізіміне енді

Наурыз мерекесі де ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
ашық дереккөзі
Наурыз мерекесі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар қызметі. Бұл шешім Эфиопияда өткен материалдық емес мәдени мұраны қорғау Комитетінің отырысында қабылданды. Наурыз мерекесін осы тізімге қосу туралы ұсыныс Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанн, Түркия, Әзербайжан, Түркменстан, Ауғанстан, Үндістан, Иран, Ирак және Пәкістан елерінен түскен болатын. Сонымен қатар сарапшылар Белгияның сыра өндіру тәсілін де осы тізімге енгізді. Бұл елде сыраның 1500 түрі бар екен. Сонымен қатар бұл тізімге африкалық мәдениеттің әсерінен туған, кариб мәдениеті мен испан фламенкосы элементтерін қамтитын кубалық рамба биі де енді. Естеріңізге сала кетсек, бұл тізімде қазір 340-қа жуық элемент бар. Оған ұрпақтан ұрпаққа жеткен мәдени мұра, салт-дәстүр, шығармашылық өнер түрлері кіреді.