«Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіруге көмектеседі» – министрлік

«Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіруге көмектеседі» – министрлік

«Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіруге көмектеседі» – министрлік
ашық дереккөзі
Қазақстан өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға жан-жақты қолғабыс көрсету қажеттілігін үнемі ұстанатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізу және қайта қалпына келу үдерістеріне жәрдем көрсетуіне арналған БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен бірқатар халықаралық ұйымдардың донорлық конференциясында мәлімдеді. Сонымен бірге елші еліміз гуманитарлық және басқа көмек көрсету арқылы Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша халықаралық күш-жігерге үлес қосуды жалғастырып отырғанын атап өтті. Қазақстандық дипломат Қазақстанның Ауғанстан халқына көмек көрсету үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қорларына ерікті жарналар енгізетінін жариялады.