«Канелоны» екі жекпе-жекте де айқын басымдықпен жеңдім, кім не десе о десін!» - Головкин

«Канелоны» екі жекпе-жекте де айқын басымдықпен жеңдім, кім не десе о десін!» - Головкин

«Канелоны» екі жекпе-жекте де айқын басымдықпен жеңдім, кім не десе о десін!» - Головкин
ашық дереккөзі
Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы бар шындықты жайып салды деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Айтуынша, ол күзде өтетін үшінші жекпе-жекке сақадай-сай. Қазылар алдыңғы кездесулердегідей шешім қабылдамайды деген сенімде. Десе де, екіжүзді адамдар айласын асырып кетпесе деген қорқынышы барын да жасырмады.
«Мен «Канелоны» екі жекпе-жекте де айқын басымдықпен жеңдім, кім не десе о десін! Төрешілер қарсыласыма ұпаймен ғана ұтқызды. Мұндай әділетсіздік белең алып кеткен. Мен бұл туралы айтудан қорықпаймын. Әрдайым шындықты ғана айтамын, бірақ ол ешкімге керек емес. Біз жүрген бизнестің ережесі сондай», - деп ағынан жарылды Геннадий Головкин америкалық белгілі бапкерге берген сұхбатында.
Ал кеше бұрынғы қарсыласы Муратамен жұдырықтасу үшін Жапонияға аттанған жерлесіміз 9 сәуірде қарсыласын нокаутпен жеңетініне сенімді.
«Бұл кездесудің стилі маған ыңғайлы. Рингке екі боксшы шыққанда, әдетте, стильдер қақтығысы болады. «Нокаутпен жеңемін» деген батыл болжам жасаймын. Жапон жанкүйерлерінің көңілін қалдырмау үшін бар күшімді саламын», - дейді кәсіпқой боксшы.