Қазақстандық модель Айя Шалқар әйгілі Джаред Летомен бірге
Қазақстандық модель Айя Шалқар әйгілі Джаред Летомен бірге
Атақты актер әрі режиссер Джаред Лето Айя Шалқарды өзінің жаңа «Морбиус» фильмінің тұсаукесеріне шақырды деп жазды turkystan.kz.
Бойжеткен өзінің Instagram-дағы парақшасында актерге шақырғаны үшін алғыс айтып, бұл өзінің фильм тұсаукесерінің қызыл кілеміне алғаш рет шығуы екенін атап өтті. Модель американдық Subsurface брендінің торлы көйлегін киіп шықты.
«Бұл менің қызыл кілемге алғаш шығуым сияқты ма, қалай? Джаред Лето, кеше кешке мені Лос-Анжелестегі «Морбиус» фильмінің тұсаукесеріне шақырғаныңыз үшін рақмет!» деп жазды модель.
Айяның бұл жазбасы 80 мыңнан астам лайк жинады. Оның оқырмандары әлемдік деңгейдегі жұлдызбен түскен суреттерінің астына көптеген жағымды пікірлер жазды.