Семейде жас жігіт ойыншық мылтықпен тұрғындарды қорқытты

Семейде жас жігіт ойыншық мылтықпен тұрғындарды қорқытты

Семейде жас жігіт ойыншық мылтықпен тұрғындарды қорқытты
ашық дереккөзі

Қала орталығында оптикалық көздеуіші бар мылтық ұстап жүрген бала Семей тұрғындарын қорқытты. Тұрғындардың шағымы бойынша оқиға орнына келген полицейлер жасөспірімді ұстады деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 29 наурызда тұрғындар «Радуга» сауда үйі аумағында мылтық ұстаған адамның жүргенін хабарлаған. Полицейлер бірден оқиға орнына барып, «қаруланған» жасөспірімді ұстады. Ол ойыншық мылтықты 17 жасқа толғанда ата-анасы берген ақшаға сатып алған. Ювеналды полиция жасөспіріммен әңгімелесіп, ойыншық мылтықты қайтарып берді. Тағы оқи отырыңыз: Екі басы, үш аяғы бар сәбилер дүниеге келді