Жаңалықтар

Disney кейіпкерлерінің 50 пайызы ЛГБТК өкілдерінен тұратын болды

ашық дереккөзі

Disney кейіпкерлерінің 50 пайызы ЛГБТК өкілдерінен тұратын болды

Студияның бас директоры Кэри Берк осы жылдың соңына дейін Disney фильмдеріндегі кейіпкерлердің жартысы ЛГБТК немесе нәсілдік аз топтар өкілдері болатынын айтты деп жазды turkystan.kz. Әлемдегі ең ірі трансұлттық медиа корпорациялардың бірі ретінде Disney қазіргі уақытта заманауи медиа нарықтағы ең ірі ойыншылардың бірі болып табылады. Бұл компанияның кейінгі кезде көрермен назарына ұсынып жүрген өнімдерінде трансгендер немесе лесбилік ұстанымдағы кейіпкерлерді кездестіруге болады. Дегенмен, студия басшылығының ойынша, қазір ЛГБТК топтар компанияның өнімдерінде аз қамтылған екен. «Мен мұнда екі қалыптан тыс баланың анасы, шын мәнінде, бір трансгендер бала және бір пансексуал баланың анасы, сонымен қатар корпоративтік көшбасшы ретінде келдім. Соңғы кездері мен бұл туралы көп әңгіме естідім және өзімді ғана емес, балаларым үшін де осы мәселені көтеруге міндеттімін», – деді Берк. Disney-дің мақсаты бұндай ұстанымдағы топтарды өз өнімдеріне белсенді түрде қосу болып табылатын «Ертеңді қайта ойластыру» атты акцияны бастағаны атап өтілген. Ал Disney ойын-сауық саябағының қонақтарына сілтеме жасау тәсілі де «ханымдар мен мырзалар, ұлдар мен қыздар» сөзінен «достар» болып өзгерді. Анықтама үшін: ЛГБТК – лесбияндық, гей, бисексуал, трансгендер, квир адамдардың аббревиатурасы. Осы орайда, біздің елімізде де осы студияның көптеген өнімдері балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен танылғанын айта кеткен жөн. Осындайда бұндай өнімдер балаларымыздың болашағына нұқсан келтіріп жүрмей ме деген ой келеді екен...