Жазира Байырбекова ата-анасыз қалған украин балаларын асырап алғысы келеді

Украинадағы ұрыс кезінде ата-анасынан айырылған балалардың видеосы әнші Жазира Байырбекованың жүрегін елжіретті деп жазды turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі ұлты мен дініне қарамастан, тағдыр тәлкегіне ұшыраған сәбилерді асырап алғысы келеді.

Бұл туралы әншінің өзі айтып берді.

«Украинада соғыстан ата-аналары қайтыс болған бүлдіршіндердің видеосын көрдім. Кіп-кішкентай бөпелер. Сол рас болса, бізге рұқсат етілсе, 2-3 бүлдіршінді ұлтына да, дініне де қарамай, отбасымызға қабылдап, аналық махаббатымды берер едім» деп ағынан жарылды Жазира Байырбекова.

Әнші балаларды асырап алудың жолдарын білетін, көмек бере алатын адамдардан жәрдем сұрады.

Тағы оқи отырыңыз: Айсұлтан Назарбаевтың жерленген жерінен фото тарады

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button