«Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Ақордада болды

«Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Ақордада болды

«Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Ақордада болды
ашық дереккөзі

Кездесу барысында қазақ мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Динара Тілендиева Президентке «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің қызметі мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, ол бірқатар перспективті жобаны жүзеге асыру жайында, оның ішінде италиялық тенор Андреа Бочеллидің репертуарындағы және басқа да қазақтың халық аспаптарында ойнайтын белгілі музыканттардың танымал шығармаларын орындау жөнінде баяндады. Нұрғиса Тілендиев 2025 жылы аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Кездесуде осы мерейтойға арнайы назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған маңызды оқиғаны кең көлемде атап өту қажет екенін айтты. Тағы оқи отырыңыз: Асхат Оралов Германияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті