Сәкен Сейфуллин тұрған үйді іздеушілер көбейді (ВИДЕО)

Сәкен Сейфуллин тұрған үйді іздеушілер көбейді (ВИДЕО)

Сәкен Сейфуллин тұрған үйді іздеушілер көбейді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
«Айқын-Литер» ЖШС-не қарасты turkystan.kz сайтында «Астанада Сәкен Сейфуллин тұрған үй табылды» деген хабар шыққаннан кейін қала тұрғындары Жангелдин көшесі, 29/2 мекен-жайы бойынша орналасқан үйді (бұрынғы мекенжайы – Лесная көшесі, 65) іздеп келіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Осы жерде Сәкенді қашып жүргенде жасырған Әбілда Белжанов деген кісінің ортаншы ұлы Жұмабай Белжанов отбасымен тұрады. Бұл тарихи жерге «Хабар 24» телеарнасының тілшілері де барып, сюжет түсірді.
«Біздің арнаның тілшілері Сәкен Сейфуллин тұрған үйде болып, қарашаңырақтың қазіргі иесі Жұмабай Белжанов ағамызбен сөйлесіп қайтты. Ол жазушының тар жол, тайғақ кешіп жүргенде осы үйдің орнында болған үйді бірнеше ай паналағанын, әкесі Әбілда Белжановтың көп адамның атын атауға қорыққанда үйге кірзігіп, бір бөлмесін бергенін айтты. Үйдің көненің көзіндей болған шарбақтары да сақталыпты. Біз Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайдың қызметкерлерімен де сөйлесіп, бар мән-жайды анықтадық», - деді «Хабар 24» телеарнасының редакторы Арман Әменов.
Тағы оқи отырыңыздар: Астанада Сәкен Сейфуллин тұрған үй табылды (ФОТО)