Облыс атауы - орысшасында да Ұлытау

Облыс атауы - орысшасында да Ұлытау

Облыс атауы - орысшасында да Ұлытау
ашық дереккөзі
Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс ХІ сессиясында жаңа құрылатын Ұлытау облысын мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де Ұлытау деп атау ұсынылып, қолдау тапты деп хабарлады turkystan.kz. Енді Ұлытау облысы – область Ұлытау (Улытауский емес) деп аталады. Бұл хабарды өзінің Facebook-тегі парақшасында облыстық мәслихаттың депутаты Қамбар Ахмет жариялады.