Павлодар облысында көпбалалы отбасының үйі су астында қалды

Павлодар облысында көпбалалы отбасының үйі су астында қалды

Павлодар облысында көпбалалы отбасының үйі су астында қалды
ашық дереккөзі
Павлодар облысының Рождественка ауылында тұратын көпбалалы отбасының үйін еріген қар суы басып қалды деп жазды turkystan.kz. Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 31 наурыз күні сағат шамамен 17:47-де тіркелген. Ауыл әкімі Рашид Галеевтің айтуынша, су басқан үй ауылдағы Абай көшесінде орналасқан.
«Бұл көше өзге көшелердің деңгейінен төмен орналасқан. Еріген қар суы осы көшеге үлкен ағынмен барды», – деп мәлімдеді ауыл әкімі.
Облыстық ТЖД дерегінше, ауылда 5 тұрғын үйді және 30 ауланы су басқан. Жағдайды оңтайландыру мақсатында ТЖД-ның және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Рождественка ауылында еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауыл әкімінің айтуынша, үйін су басқан көпбалалы отбасы Розовка ауылындағы әжесінің үйіне уақытша қоныстанған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)