«AMANAT» партиясының TALQYLAU алаңы

«AMANAT» партиясының TALQYLAU алаңы

«AMANAT» партиясының TALQYLAU алаңы
ашық дереккөзі
Елдегі саяси реформалар мен әлеу­мет­тік, қоғамдық мәселелер тек мем­ле­кет­тік басқару формасында ғана емес, жал­пы­халықтық назарда талқыланып, сарапқа са­лынатын болады. Осы процестерді жүзеге асы­ратын жаңа платформа пайда болды. Ол – «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат инс­титуты жанынан ашылған TALQYLAU жаңа диалог алаңы. Алғашқы отырысқа Парламент депутаттары, сарап­шылармен қатар белгілі қоғам белсенділері де атсалысты. Онда көтерілген маңызды тақырып­тар саяси жүйені трансформациялау мен аралас сай­лау жүйесіне көшу турасында болды. Бұл жаңа платформаның ерекшелігі – барлық тал­қыланған мәселелер әлеуметтік желілерде ті­ке­лей эфир арқылы көрсетіліп, интерактивті фор­матта өтуі. Сол арқылы залда жиналған спи­кер­лерге көрермендер мен қарапайым халық өкіл­дері де сұрақ жолдап, жауап алу арқылы тал­қылау процесіне тікелей қатысты. Жалпы алғанда 700-ден аса пікір айтылып, сұрақ қойылды. TALQYLAU-дың отырысында алғашқы болып сөз алған «AMANAT» партиясының атқарушы хат­шысы Асхат Оралов Президент жариялаған ре­­­формалардың негізінде жаңа саяси өзгерістердің серпін алатынын тілге тиек етіп, сол бастама­лар­дың бірі осы жаңа диалог алаңы екенін атап өтті. «Сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Бұл елдегі демократиялық өзгерістердің катализаторы мен негізіне айналатыны сөзсіз. Саяси партияларды тіркеу ресімдерін жеңілдету жаңа саяси қозғалыстардың құрылуына серпін береді және жұмыс істеп тұрған сая­си бірлестіктердің өз қызметін жандандыруына алып келеді», – деді партияның атқарушы хатшысы. Мемлекеттік деңгейдегі мәселелердің алғаш рет ел на­зарында, тікелей эфирде талқыланып жатқанын алға тартқан «AMANAT» партиясы депутаттық фракция­сы­ның мүшесі Саясат Нұрбек бұл жобаның демократиялық дамуға жол бастайтынына сенетінін жеткізді. «Біз бүгін құрылымданбаған, цензурадан өтпеген ашық диалог дәстүрін бастаймыз деп үміттенеміз. Бұл Президент Жолдауы аясында өте маңызды, өйткені «Жаңа Қазақстан» жұмысын жаңа қағидаттар мен жаңа жұмыс форматтарынан бастау керек», – деді ол. Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының сөзінше, 30 жыл ішінде жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді жөндейтін уақыт келді. Ал ол процеске әрбір ел тұр­ғын­дары тікелей атсалысып, жауапкершіліктің жүгін сезінуі тиіс. «Жаңа Қазақстанда партиядан бастап, әрбір аза­мат­қа дейін, ауыл әкімінен Президенттің жұмысына дейін­гі жіберілген кемшіліктерді анықтап, тіпті соның ті­зімін де жасасақ. Бюджетті құруда бізде көптеген гиган­тонамия болды. Қаншама миллиардтаған қаражат бас­қа жаққа жұмсалып, ал мына жақта халық үйсіз-күй­сіз жүрді. Оның барлығы кемшілік пе? Әрине, кем­ші­лік. Сондықтан Президенттің айтқаны, бірінші ке­зек­те басымдық өзгеруі керек. Ол үшін халықтың жағ­­­дайына қарау қажет. Барлығының өлшемі – адам. Міне, қазіргі біздегі нағыз қағида осы. Біртіндеп соған келе жатырмыз», – деді депутат. Отырыс барысында сөз алған спикерлердің бар­лығы бұл жаңа бастаманың тың әрі өзгеше өзгерістердің бастамасы болатынына сенім білдіріп, әрі қарайғы даму ба­ғыттарына қатысты өз ұсыныс-тілектерімен де бөлісті. Айта кетсек, келесі TALQYLAU отырысы подкаст жаз­­басы, дебаттар, пікірталастар сияқты түрлі фор­мат­та өтеді. Әрі қарай тақырыптар Қоғамдық саясат инс­ти­­тутының телеграм-арнасында дауыс беру қорытын­ды­сы бойынша анықталады. Мемлекеттік қызмет өкілдері мен ел тұрғын­дары­ның басын қосқан бұл TALQYLAU кең серпін алып, жал­­­пыхалықтық сипатқа ие болуы тиіс. Сол арқылы ең өзекті мәселелер ел назарында талқыланып, саяси-қо­ғамдық шешімдер бірге кеңесе отырып қабылданатын дең­гейге жететін болмақ.

Әсем ҚҰЛМАНОВА