Жаңалықтар

Алматыда түнде атыс болды деген хабар түсті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматыда түнде атыс болды деген хабар түсті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысында атыс болғаны туралы ақпар тарады деп хабарлады turkystan.kz. Желіде видеоның авторы Республика алаңында әскери және полиция көліктерінің жиналып тұрғанын айтқан. Осы ақпарға байланысты Полиция департаментінің өкілдері түсінік беріп, Республика алаңында қылмыстық істі тергеу бойынша тергеу тәжірибесінің болғанын атап өтті. Полиция өкілдері ресми ақпаратқа сенуді сұрады.