Ақтөбелік оқушы қызды суға батып кетуден аман алып қалды (ВИДЕО)

Ақтөбелік оқушы қызды суға батып кетуден аман алып қалды (ВИДЕО)

Ақтөбелік оқушы қызды суға батып кетуден аман алып қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағынауданында селдің салдарынан оқушы қыз арықтағы суға батып кетуден аман қалды деп жазды turkystan.kz. Соңғы күндері Ақтөбенің бірнеше ауданында су тасқыны салдарынан қалада жүріп-тұру қиынға соққаны белгілі. Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары осы мәселені көтеріп, қала әкімдігіне тезірек шара қолданбаса, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін екенін айтып, бірнеше рет шағымданған да болатын. Айтқандай-ақ, Ақтөбе қаласы Батыс-2 шағынауданының «Арбат» тұрғын үй кешенінің жанында оқушы қыз арықтағы суға батып кете жаздады. Ол жаяу жүргінші жолымен келе жатып, арық шетінен аттамақ болып, бірден суға құлап кеткен. Қызды жақын маңдағы «Энерджи Джим» фитнес клубының жігіттері өлім аузынан аман алып қалған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада көрінетіндей, баланы құтқару оңайға соққан жоқ. Дегенмен қайғылы жағдай болмады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Бека блогер Актобе (@aktobe_tv04)

Айта кететін жайт, жақында ғана қала әкімі Асхат Шахаров жағдай жіті бақылауында екенін айтып, тұрғындарды алаңдамауға шақырған еді.
«Қауіпті аймақтарда арнайы техниканың күші толық жұмылдырылуда. Әріптестерім тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жалпы, су тасқынына қарсы жұмыстар жеке бақылауымда», – деді әкім.