Қазақстаннан шетел валютасын заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

Қазақстаннан шетел валютасын заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

Қазақстаннан шетел валютасын заңсыз әкетпек болғандар ұсталды
ашық дереккөзі
«Жаңа Жол» көліктерді өткізу бекетінен заңсыз ақша алып өтпек болғандар ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 28 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар 15 миллионнан астам Ресей рублін (шамамен 80 млн теңге) елден заңсыз алып шығару әрекетінің жолын кескен.
«ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқықбұзушылыққа жол бермес үшін ҚР Қаржы заңнамасында қарастырылған талаптарды сақтау қажеттігін еске салады», - делінген хабарламада.