«Ет турайсың, кешікпей кел»: Айдын Рахымбаев ата-ананың батасын алып жүру керегін айтты

«Ет турайсың, кешікпей кел»: Айдын Рахымбаев ата-ананың батасын алып жүру керегін айтты

«Ет турайсың, кешікпей кел»: Айдын Рахымбаев ата-ананың батасын алып жүру керегін айтты
ашық дереккөзі
BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев әлеуметтік желіде отбасылық фотомен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін таңертең әке-шешем «Түске қонақ шақырамыз, ет турайсың, кешікпей кел» деп еді. Міне, 50-ге келсем де бала болып, қуана-қуана әке-шешемнің туыс, достарына қызмет етіп жатырмын» деп жазды белгілі кәсіпкер әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ ол бұл жазбаның мәні ата-анаға деген құрметті үзбеу керек деген ойға негізделгенін айтты.
«Әрдайым ата-аналарымыз аман болсын! Осы кісілерге қызмет жасаудан шаршамай, батасын алып жүре берейік», - дейді Айдын Рахымбаев.
Тағы оқи отырыңыз: «10 млн қалыңмал берем деп тұр»: күйеуі бар әнші Дубайда қалғысы келеді