Полицейдің пара алғаны видеоға түсіп қалды

Полицейдің пара алғаны видеоға түсіп қалды

Полицейдің пара алғаны видеоға түсіп қалды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде көше бойында автокөлік жүргізушісінен пара алған полицейдің әрекетін айыптаған бейнежазба жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Алайда бұл видео жақында түсірілмеген екен. Оның осыдан екі жыл бұрын түсірілгенін almaty_police_department парақшасын қолданушы айтқан. Ол бейнежазбаның 2020 жылы түсірілгенін, пара алған полиция қызметкері мен оның бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған. Оған amangeldiev_maksim аккаунтының иесі: «Өздерің бересіңдер, сосын ренжисіңдер» деп жауап жазған.