ШҚО-да AMANAT партиясының өкілдері ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады

ШҚО-да AMANAT партиясының өкілдері ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады

ШҚО-да AMANAT партиясының өкілдері ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады
ашық дереккөзі
Кезектен тыс ХХІІ съезде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта жандандыруды тапсырып, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін тартымды орынға айналуы тиіс екенін атап өткен еді деп жазды turkystan.kz. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кері байланысты күшейту керектігін, соның ішінде азаматтарды көшпелі қабылдау жүргізуді ұйымдастыру қажет екендігін жеткізген болатын.
«Міне, бүгін мобильді қоғамдық қабылдау жасау Шығыс Қазақстан облысында да бастау алды. Алғашқы көшпелі қабылдауды ауа-райының қолайсыздығына байланысты Глубокое ауданының Уварово және Прапорщиково ауылдарының тұрғындарын қабылдаудан бастап отырмыз. Біз алдағы уақытта  барынша шалғай елді мекендерді қамтитын боламыз. Көшпелі қоғамдық қабылдаудың құрамына филиал қызметкерлерінен басқа, мәслихат депутаттары, өңірлік Саяси кеңес мүшелері енгізілді», - деді AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айгул Оралғазықызы.
AMANAT Жыл басынан бері AMANAT партиясының ШҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2500-ден астам адам жүгінген. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштерінің басым бөлігі тұрғын үй алу, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты. Олардың 38%-ы шешілді. Ал қалғандары бойынша заң аясында кеңес берілді.
«Біз аймағымыздың барлық аумақтарында осы шараны жалғастыратын боламыз, әсіресе, партияның облыстық филиалына келуге мүмкіндігі бола бермейтін шалғай ауылдарға ерекше назар аудармыз. Мұндай сапарлар тұрғындардың өтініштеріне ден қою үшін ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлердегі жылдарға созылып келе жатқан проблемалардың шешімін табуға мүмкіндік береді» деп толықтырды Айгул Оралғазықызы.
Еске салсақ,  14 наурызда мобильді қоғамдық қабылдау Қарағанды және Ақмола облыстарында  басталған еді. AMANAT Қоғамдық қабылдау барысында ауыл тұрғыны Александр Е. ауылдан  Өскемен қаласына қатынайтын қоғамдық көліктің жоқтығын және ауыл тұрғындарының күнкөрісі саналатын малдарының жаппай бруцеллез ауруымен ауырып жатқандығын айтып назар аударуды сұрады. Жалпы, екі ауылдық округтен 25 азамат өз шағымдарын жеткізуге мүмкіндік алды. Қабылдауға келген азаматтар партия филиалы ұйымдастырған кездесулер арқылы мәселелерінің оң шешім табатындығына сенім білдірді. Тағы оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады