АҚШ әскері Шығыс Еуропаға бағыт алды

АҚШ әскері Шығыс Еуропаға бағыт алды

АҚШ әскері Шығыс Еуропаға бағыт алды
ашық дереккөзі
200 адамнан тұратын АҚШ-тың теңіз жаяу әскері Литваға қарай бет алды деп жазды turkystan.kz TRT телерадиокомпаниясына сілтеме жасап. Бұл туралы Пентагон өкілі Джон Кирби мәлімдеген. Ол қазіргі уақытта Литвада 200-ге жуық адам бар екенін атап өтті.
«Шығыс Еуропа бағытында Оңтүстік Каролинадағы «Бьюфорт» базасынан 10 F/A-18 Super Hornet және тағы бірнеше C-130 жаяу теңіз әскерлері аттанатын болады», – деді Джон Кирби.
Сондай-ақ ол Ресейдің Киев төңірегіндегі әскери күштердің санын қысқарту туралы мәлімдемелеріне ұстамдылықпен жауап берді.
«Бұл нақты әскерді шығару емес, күштерді қайта ауыстыру және біз Ресейдің Украинаның басқа аймақтарында да үлкен шабуылдар жасауына дайын болуымыз керек», – деді Кирби.
Ол қазіргі уақытта Киев төңірегінде ресейлік әскери қызметшілердің едәуір бөлігінің аймақтың солтүстігіне қайта орналастырылғанын атап өтті. Бұдан бөлек, жексенбі күні Пентагон Германияға 6 EA-18G Growler радиоактивті соғыс ұшағын және 240 әскерді жөнелту туралы хабарлаған еді.