Енді құжаттарды өзіңмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ

Енді құжаттарды өзіңмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ

Енді құжаттарды өзіңмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ
ашық дереккөзі
Енді жеке куәлік және басқа да цифрлық құжаттар Kaspi және Halyk Bank мобильді қосымшаларында қолжетімді болады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
«Былтырдан бері «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Kaspi және Halyk банктері мамандарымен бірлесіп, цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларға шығару жұмысын атқарып жатырмыз. Бүгін осы мүмкіндік ресми түрде іске қосылады» деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Министрдің айтуынша, қазір 10 млн қазақстандық тұрақты түрде цифрлық құжаттар сервисін қолданады.
«Бұл өте ыңғайлы – өзіңмен бірге құжаттың түпнұсқасын алып жүру қажет емес. Бүгіннен бастап сервис Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларында қолжетімді. Себебі, халық мемлекеттік қызметтерге біздің ғана емес, өздеріне ыңғайлы, күнделікті қолданатын арналары арқылы қол жеткізгенін қалаймыз», - деп атап өтті Мусин.
Бұл функция азаматтардың келісімімен ғана жүзеге асырылатын болады.