Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттаған

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттаған

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттаған
ашық дереккөзі
Қазақстанда тазартылған май өндірісі қысқарып, бағалар бір жылда 23%-ға көтерілген деп хабарлады turkystan.kz Energyprom сарапшылары жүргізген зерттеуге сәйкес, елімізде күнбағыс майын өндіру бір жыл ішінде 3,1%-ға өсіп, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 67,5 мың тоннаға дейін жеткен. Тазартылмаған күнбағыс майы өндірісінің 80%-дан астамы Шығыс Қазақстан облысына (35,8 мың тонна) келді. Тазартылған күнбағыс майын өндірудің 92,1%-ы үш негізгі өңірде шоғырланған: Шымкент (9,6 мың тонна), ШҚО (8,7 мың тонна) және Алматы (2,9 мың тонна). 2022 жылғы қаңтарда отандық өндірушілер күнбағыс майына сұранысты 90,1%-ға қамтамасыз етті. Сектордағы импорт үлесіне ресурстардың тек 9,9%-ы ғана келді, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда айтарлықтай аз (19,3% болды). Алайда сектордағы экспорт та 39,3%-ға, 6 мың тоннаға дейін қысқарды. Осы жылдың бірінші айында ішкі нарықта 33,3 мың тонна сатылды.
«Сонымен қатар, осы жылдың ақпан айында күнбағыс майының бағасы Қазақстан бойынша орташа есеппен бір жылда 23%-ға өсіп, литріне 771 теңгені құрады» деп нақтылады сарапшылар.
Күнбағыс майы Батыс Қазақстан (жылына 35,6%-ға), Жамбыл (28,9%-ға) және Ақмола (27,5%-ға) облыстарында қымбаттады. Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында күнбағыс майының ең жоғары бағасы Атырауда (литріне 844 тг), елордада (литріне 818 тг) және Ақтауда (литріне 815 тг) байқалады.