Алматы әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Алматы әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Алматы әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу барысында қала басшысы адами капиталдың жоғары сапасын тілге тиек етіп, оның ішінде Алматының ғылыми, шығармашылық және мәдени әлеуетінің зор екенін атап өтті. Кездесуге барлығы 40-тан астам өнер, мәдениет және ғылым қайраткерлері, соның ішінде театр және кино, эстрадалық және халық музыкасы, әдебиет, бейнелеу, монументтік және қолданбалы өнер, музейтану, сәулет және т.б. өкілдері қатысты. Әкім кездесуге қатысушыларға Қазақстан мәдениетіне қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ шығармашылық зиялы қауымның жастарды адамгершілікке тәрбиелеудегі және өнер мен әдебиет арқылы қоғамға жоғары жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңірудегі маңызын атап өтті. Ерболат Досаев Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу барысында зиялы қауым өкілдері өнер мен әдебиеттің даму деңгейі, шығармашылық шеберханаларды ұйымдастыру қажеттілігі, дәстүрлі музыканы дамыту, қала музейлерін жаңғырту және т.б. өзекті мәселелерді көтерді. Ерболат Досаев Алматы еліміздің мәдени және ғылыми орталығы екенін, сондай-ақ, шығармашылық жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге және жалпы өнер мен мәдениетті дамытуға көңіл бөлуге дайын екенін айтты. Қала әкімі шығармашылық интеллигенция өкілдеріне олардың идеялары үшін алғысын білдірді, сондай-ақ, атқарылған жұмыстардың нәтижелері және ұтымды пікірлер алмасу үшін осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуді ұсынды. Тағы оқи отырыңыз: AMANAT партиясының фракция мүшелері мемлекеттік тіл мәселесін көтерді (ВИДЕО)