Астанадағы «Mega silkway»-ге бомба қойылғаны туралы хабар түсті (ВИДЕО)

31 наурыз, 2022 / Рүстем Жұман
ашық дереккөзі
Астанадағы «Mega silkway»-ге бомба қойылғаны туралы хабар түсті (ВИДЕО) Астанадағы «Mega silkway» ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы хабар тарады деп жазды turkystan.kz. Бұл ақпаратты Instagram-дағы astanovka98 парақшасы берді.
«Ойын-сауық орталығы белгісіз адамның бомба қойғанын хабарлады.  Алматыда 7 нысанға жарылғыш заттың қойылғаны айтылды. Қарағандыда Халыққа қызмет көрсету орталығына мина қойылғаны туралы ақпарат тарады. Әзірше нысандардың жартысы тексерілді. Жарылғыш зат табылған жоқ», - делінген парақшада.