AMANAT партиясының фракция мүшелері мемлекеттік тіл мәселесін көтерді (ВИДЕО)

AMANAT партиясының фракция мүшелері мемлекеттік тіл мәселесін көтерді (ВИДЕО)

AMANAT партиясының фракция мүшелері мемлекеттік тіл мәселесін көтерді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа әріптестері – AMANAT партиясының фракция мүшелері атынан депутаттық сауал жолдап, қазіргі өте күрделі геосаяси жағдай еліміздің ішкі саясатының көптеген аспектілерін қайта қарауды талап ететінін жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.
«Осынау терең мәселенің бірі – тіл саясаты, оның ішінде мемлекеттік тілді үйрену проблематикасы. Мемлекеттік тілді үйрету, оған баулу ыждахатты түрде бола отырып, өзара сыйластық, бауырластыққа әкелуі қажет. Мемлекеттік тіл қоғамның ынтымағының, бірлігінің символына айналуы өте маңызды! Осы тұрғыда мемлекеттік тілді үйретудің бағдарламаларының тиімділігі, тіл үйренушілерге нақты көмек жасауға қабілеттілігі тұрғысынан аудит жүргізу абзал», - деді депутат.
Осы орайда, ол AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында мемлекеттік тілді дамытуға баса назар аударылғанын еске салып өтті.
«Сондықтан, біріншіден, мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған қаржы қайда, қалай жұмсалғандығы жөнінде ақпарат ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Екіншіден, мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған оқу-үйрету бағдарламаларының тиімділігі жөнінде, қанша адам үйреніп шықты, қанша адам тілдік бірінші, екінші сатыға өткендігі жөнінде сараптама жасау қажет. Үшіншіден, ерікті азаматтардың қазақ тілін үйренемін деушілерге әдістемелік тәсіл жағынан көмектесуге қабілетті бағдарламаларын мемлекеттік органдар қаншалықты тиімді қолдануда? Төртіншіден, осы мәселелер бойынша Үкіметтің құзырлы органдарының қоғам алдында есеп беруі қажет», - деді Ерлан Саиров.
Айтуынша, мемлекеттік тілді дамытудың арғы жағында ел мен жер мәселесі тұр. Қазақстан мемлекеті мығым болуы үшін ана тіліміздің асқақтауы маңызды. Қазақ тілі қоғамның ынтымақ, бірлігінің уығы, елдің консолидацияның тірегі болуы тиіс. Тағы оқи отырыңыз: Депутаттар 27 миллион теңге бөлінген қазақ тілі сабағына бармай жүр (ВИДЕО)
«Осы мәселе бойынша шешім қабылдап, нәтижелерін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауды сұраймыз», - деп түйіндеді сөзін депутат.