Түркістан облысында әйел өз балаларын өртеп жібермек болды

Түркістан облысында әйел өз балаларын өртеп жібермек болды

Түркістан облысында әйел өз балаларын өртеп жібермек болды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында көпбалалы ана ішіндегі заттарын сыртқа шығарып, үйін өртемек болған. Осы кезде оның 4 баласы үйдің ішінде болған деп хабарлады turkystan.kz. Желіде тараған видеода балалардың жылаған дауысы естіледі. Әйел өзінің бұл әрекетін кедейшілік пен адамдардың қысымы салдары деп түсіндірген. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, видео әлеуметтік желіге тарағаннан кейін әйел мен балалардың жағдайын білу мақсатында Жетісай ауданының прокуратура қызметкерлері оқиға орнына барған. Тексеру барысында оқиғаның 28 наурызда болғаны анықталды. Қазір балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт дереу сөндіріліп, полицейлер әйелге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазір әйелдің отбасы құзырлы органдар бақылауында.