«Алматы нысандарына мина қойылды» деген хабар тарады (ВИДЕО)

«Алматы нысандарына мина қойылды» деген хабар тарады (ВИДЕО)

«Алматы нысандарына мина қойылды» деген хабар тарады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыда 7 нысанға мина қойылды деген хабар келіп түсті деп хабарлады turkystan.kz. Алматыда 3 банк, 2 сауда және ойын-сауық орталығы, әуежай мен оқу орнына мина қойылғаны туралы хабар тарады. Қалалық Полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр.
«Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері нысандардың үшеуін тексеріп үлгерді. Ақпарат расталмады. Тексерісті саперлер арнайы техникамен жүргізіп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында барлық нысаннан қызметкерлер мен келушілер эвакуацияланды», - деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Алматы халықаралық әуежайы да ақпаратты растады.
«Әуежай терминалы аумағына бомба қойылғаны туралы ақпарат түскенін растаймыз. Қауіпсіздік хаттамасына сәйкес, жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды», - деді әуежай баспасөз қызметінің өкілдері.