Енді қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға визасыз бара алады

Енді қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға визасыз бара алады

Енді қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға визасыз бара алады
ашық дереккөзі
1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстандық азаматтарға қатысты визалық талаптарды өзара жою туралы келісім қолданысын жаңғырту қалпына келтіріледі деп хабарлады turkystan.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін Оңтүстік Корея COVID-19 пандемиясына байланысты аталған келісімді тоқтатқан еді. Енді Қазақстан азаматтары – ұлттық паспорт иелері Корея Республикасына 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз қайта кіре алады. Корея Республикасында еңбек етуге, білім алуға немесе Оңтүстік Корея аумағында тұру ниеті болған жағдайда бұл виза жарамсыз.
«Бұдан басқа, Корея Республикасына сапар шегетін азаматтарға осы елде қолданылатын эпидемияға қарсы шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының консулдық мекемелерінде алдын ала нақтылауға кеңес береміз», - делінген хабарламада.